Жаңалықтар

Сенім бекеті АИТВ-ның алдын алуға көмектеседі

           Дүниежүзі бойынша адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) кең таралған. АИТВ 80 пайызы  жыныстық қатынас арқылы жұғады. Шприцте қалған қанда АИТВ 28-30 күн аралығында өмір сүруге қабілетті болғандықтан  нашақорлар арасында да індетті  жұқтырудың қауіпі жоғары.  АИТВ-ның жұғу қарқынын төмендету мақсатында                                                  Қазақстанның барлық облыстарында сенім бекеттері (СБ) ұйымдастырылған. Сенім бекеттері осал топ өкілдеріне (иньекциялық есірткі тұтынушылар, секс қызметкерлері, еркекпен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер )  АИТВ инфекциясын жұқтырудың алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Біздің облыста «әсерді төмендету» бағдарламасының негізінде төрт сенім бекеті «Облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы», ал жетеуі басқа медициналық ұйымдардың құрамында, сегізі үкіметтік емес ұйымдарда (ҮЕҰ) жұмыс істейді. Сенім бекеттері осал топ өкілдеріне (иньекциялық есірткі тұтынушылар,  секс қызметкерлері, еркекпен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер)  АИТВ инфекциясын жұқтырудың алдын алу мақсатында төмендегідей қызметтерді ұсынады:

  • Бір рет қолданылатын шприцтерді стерильді шприцтерге ауыстыру, мүшеқаптар, ақпараттық білім беру материалдарын тарату, пайдаланылған шприцтерді жинау және жою;
  • АИТВ инфекциясы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, АИТВ инфекциясын жұқтыру тәуекелін төмендететін мінез-құлықтың түрлері туралы, осы дертке тексерілу туралы ақпараттар беру;
  •  АИТВ инфекциясы және ЖИТС мәселелері бойынша тестке дейінгі психоәлеуметтік кеңестер жүргізу;
  • АИТВ инфекциясына тексерілу;
  • Медициналық ұйымдарға білікті және мамандырылған медициналық көмек алу үшін жіберу;
  • Халықтың осал тобына (ХОТ) профилактикалық көмек көрсететін өңірде жұмыс істеп тұрған медициналық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) туралы ақпараттар беру.

     Сенім бекеті еріктілік, құпиялылық және анонимдік қағидаттарды сақтай отырып, халықтың осал топтарына тегін қызмет көрсетеді.

      Сенім бекеті Облыстық СПИД орталығында ( Шымкент қ., Кремль көш., 11-үй), сондай-ақ Түркістан қаласы ( 1 мөлтек ауданы 6 а-үй) және Мақтарал ауданындағы ( Жетісай қ., Байботаев көшесі 26 а-үй) бөлімшелерде қызмет көрсетеді. Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

 

     Тұрғылықты мекен-жайыңызға байланысты басқа медициналық ұйымдардан тыс жерде жұмыс істейтін сенім бекеттеріне жүгінсеңіз болады.

 

 

Мақтарал ауданы, Мырзакент кенті, Қожанов көшесі, нөмірсіз үй;

-Сарыағаш қаласы, П.Елубайұлы, 29 үй;

-Төлеби ауданы, Сұлтан рабат ауылы, Қаражол көшесі 112Е үй;

-Кентау, Ы.Алтынсарин көшесі 26-90 үй;

-Шымкент қаласы, 8 шағынауданы, А.Аскаров көшесі, 7/3 үй;

-Шымкент қаласы, Ворошиловка елдімекені, Қапал батыр көшесі, 74А үй;

-Шымкент қаласы Чапаевка елдімекені, Ю.Лермонтов көшесі, 18 үй;

-Шымкент қаласы, Қайнарбұлақ саяжайы, Қаратау массиві, Ореховая көшесі, 2үй;

-«АЙ-АНА» Қоғамдық бірлестігі. Шымкент қаласы, Асқаров көшесі, 7/3 үй;

 

                                                           Автор: Ахмедова Э.С., СПИД орталығының маманы

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы

30.07.2018  ОЦ СПИД практический семинар

 

Республиканский центр по профилактике и борьбе со СПИД при поддержке центров по контролю и профилактике заболеваний (CDC)проводил на базе Южно-Казахстанского ОЦ СПИД практический семинар (24 июля-28 июля 2018г.) для специалистов ПЦР - отделений службы СПИД РК,  занимающихся определением вирусной (ВН) нагрузки на ВИЧ.  Данный лабораторный тренинг разработан в сотрудничестве с Институтом клинических и лабораторных стандартов (CLSI) направлен на дальнейшее совершенствование знаний и практических навыков в области постановки молекулярных тестов на ВИЧ.